"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы", 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 31 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" бұйрықтарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің:
1) 2015 жылғы 22 қазандағы № 331 "Шитті мақтаның бір сынамасының және мақта талшығының бір сынамасының сапасы сараптамасының құнын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3400 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);
2) 2017 жылғы 23 қазандағы № 294 "Дақыл тізбесі мен субсидия нормаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4248 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылдың 10 қарашасында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын күшін жою туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына