Түркістан облысы Сайрам ауданының Құтарыс, Көлкент және Қайнарбұлақ ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/563-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 269 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 6012 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Сайрам ауданының Құтарыс ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Көлкент ауылдық округінен көлемі 1,27 гектар және Қайнарбұлақ ауылдық округінен көлемі 144,53 гектар жер бөліктерінің қосу жолымен Құтарыс, Көлкент және Қайнарбұлақ ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешім оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы У. Рахиев
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      А.С.Сабитов
      Ұ.Қ.Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев
      А.Б.Тасыбаев

      "Түркістан облысы Сайрам ауданының Құтарыс, Көлкент және Қайнарбұлақ ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы" облыс әкімдігінің 2020 жылғы "31" желтоқсандағы № 269 қаулысы мен облыстық мәслихаттың 2020 жылғы "11" желтоқсандағы № 54/563-VI шешіміне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады