Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 маусымдағы № 361 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 19 маусымда № 5661 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Мәслихат сессиясының төрағасы Т. Садуов
      Мәслихат хатшысы Т. Балабиев

  Кентау қалалық
мәслихатының 2020 жылғы
16 маусымдағы № 361
шешіміне қосымша

Кентау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 31 "Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 тіркелген, 2016 жылдың 13 тамызында "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған, 2016 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);

      2) Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 ақпандағы № 341 "Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 31 "Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5434 тіркелген, 2020 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);

      3) Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 357 "Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 31 "Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2020 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады