Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 283 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 нөмірімен тіркелген және 2020 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Д. Махажанов |
Кентау қаласы әкімдігінің "21" сәуірдегі 2021 жылғы № 227 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) | Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының "Алмагүл" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 61 | 2 | 1 |
2 | Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі | 81 | 2 | 2 |
3 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының "Ы.Алтынсарин атындағы № 1 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 156 | 3 | 5 |
4 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының "Қарнақ жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 130 | 3 | 4 |