Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 146 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 5388 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186 бабына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемі кемінде таза табысынан 50 (елу) пайыз болып белгіленсін.

      2. "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Аюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады