Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі, Шаян елді мекені Қ.Жандарбеков көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 5359 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 27 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімінің 11.03.2020 № 27 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 06 қаңтар № 01 ұсынысы негізінде Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шаян ауылдық округі Шаян елді мекені Қ.Жандарбеков көшесінің тұрғыны Қожабеков Жеңіс Ергазиевичті тістеген мысықтың құтырық ауруымен ауыруына байланысты Шаян елді мекені Қ.Жандарбеков көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Шаян ауылдық округі әкімі Б. Тиындықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады