Шектеу іс-шараларын алып тастау және Бәйдібек ауданы әкімдігінің Шаян ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № 01 "Шаян ауылдық округі Шаян елді мекені Қ.Жандарбеков көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 27 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 13 наурызда № 5481 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 69 ұсынысы негізінде Бәйдібек ауданы әкімдігінің Шаян ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мысықтың құтырық ауыруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Шаян ауылдық округі Шаян елді мекені Қ.Жандарбеков көшесіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің Шаян ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № 01"Шаян ауылдық округі Шаян елді мекені Қ.Жандарбеков көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 болып тіркелген, және 2020 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Шаян ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шаян ауылдық округі
      әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы С. Мырзабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады