Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 20 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 5770 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 20.11.2020 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 02-05/271 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 72 үйдегі тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және енгізу үшін қаматамсыз етсін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Е. Жорабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады