Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекені, Шындалиев көшесіндегі № 33 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі әкiмiнiң 2020 жылғы 12 тамыздағы № 50 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 тамызда № 5749 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазакстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 04 тамыздағы № 02-03/262 санды ұсынысы негізінде Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекені Шындалиев көшесі № 33 үй тұрғыны А.Оразбаевтің иттің ми сынамасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде "құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекені Шындалиев көшесі № 33 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Мақтаарал ауданының "Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округі әкімі Б.Маханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады