"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ордабасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 шілдедегі № 45/13 "Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 5157 тіркелген және 2019 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. "Ордабасы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ордабасы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Абжалов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Садвахасов |
Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/3 шешімімен бекітілген |
Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.
3. Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі-коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау) жылына бір рет беріледі.
4. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету бюджет қаражаты есебінен, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына 2 АЕК (екі айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде көрсетіледі.
5. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде жүзеге асырады.
6. Әлеуметтік көмек:
1) Ордабасы ауданынан тыс ауылдық жерде тұру;
2) негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымдарын қоса атқару;
3) әлеуметтік қолдауға құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеу;
4) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған кезде, жыл ішінде екінші рет жүгіну жағдайларында көрсетілмейді.