Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 652 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 5983 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 1 тамыздағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 01.08.2023 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 тіркелген, 2017 жылғы 9 қыркүйекте "Ордабасы оттары" газетінің № 39 санында және 2017 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1 тармағындағы "белгіленсін" сөзі "айқындалсын" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

  Ордабасы ауданы
Әкімдігінің 2020 жылғы
30 желтоқсандағы № 652
қаулысына қосымша

Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауыл округінің атауы

Орналасқан орны

1

Қараспан ауыл округі

Қараспан елді мекені, С.Байболатов және Ш.Бимырза көшелерінің қиылысы

2

Бөржар ауыл округі

Ұялыжар елді мекені, Төлеби және Ж.Жабаев көшелерінің қиылысы

3

Жеңіс ауыл округі

Жеңіс елді мекені, С.Қожанов көшесінің бойы

4

Бөген ауыл округі

Бөген елді мекені, Б.Кенжебаев көшесінің бойындағы "Жетібай А" наубайханасы мен "Қарабала" шаруақожалығы ғимаратының арасы

5

Бадам ауыл округі

Бадам елді мекені, Т.Қабылұлы көшесінің бойы

6

Төрткүл ауыл округі

Төрткүл елді мекені, Самара –Шымкент М-32 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы

7

Шұбар ауыл округі

Шұбар елді мекені, Райымбек батыр көшесінің бойы

8

Қарақұм ауыл округі

Қарақұм елді мекені, Қажымұқан және М.Маметова көшелерінің қиылысы

9

Шұбарсу ауыл округі

Шұбарсу елді мекені, Д.Қонаев көшесінің бойы

10

Қажымұхан ауыл округі

Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесінің бойы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады