Ордабасы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 1 тамыздағы № 247 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 2 тамызда № 6333-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ордабасы ауданының аумағында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 болып тіркелген);

      2) 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 652 "Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5983 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ордабасы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ордабасы ауданының әкімі Н. Бадыраков

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 1 тамыздағы
№ 247 қаулысына қосымша

Ордабасы ауданы аумағында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда обьектілерінің орналасқан орны

Қызмет саласы

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері)

1

Қараспан ауыл округі, Қараспан елді мекені, С.Байболатов және Ш.Бимырза көшелерінің қиылысы, ескі әкімдік ғимаратына қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

600

3

"Жадыра" қоғамдық тамақтану орны

2

Бөржар ауыл округі, Ұялыжар елді мекені, Төле би және Ж.Жабаев көшелерінің қиылысы, "Казпошта" акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалы Ордабасы аудандық байланыс торабы Ұялыжар ауылдық почта байланыс бөлімшесі" ғимаратының сол жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

450

3

"Ұялыжар" азық-түлік дүкені

3

Бөген ауыл округі, Бөген елді мекені М.Әуезов көшесінің бойы, "Нұрила" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

400

3

"Нұрила" азық-түлік дүкені

4

Бадам ауыл округі, Бадам елді мекені, Т.Қабылұлы көшесінің бойы "Мамедияр" жанар-жағар май құю бекетіне қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

200

3

"Жомарт" азық-түлік дүкені

5

Төрткүл ауыл округі, Төрткүл елді мекені, М-32 Самара –Шымкент республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы, "Құртай" шаруа қожалығы жерінің сол жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

2000

3

"Қазына" азық-түлік дүкені

6

Шұбар ауыл округі, Шұбар елді мекені, Райымбек батыр көшесінің бойы, Райымбек батыр көшесі №9 үйге қарама- қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

192,5

3

"Ақнұр" азық-түлік дүкені

7

Қарақұм ауыл округі, Қарақұм елді мекені, Қажымұқан және М.Маметова көшелерінің қиылысы, "Іңкар" азық-түлік дүкенінің оң жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50

3

"Іңкар" азық-түлік дүкені

8

Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу елді мекені, Д.Қонаев және Төле би көшелерінің қиылысы, "Бейбісара" супер маркетіне қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3920

3

"Құдайберген" қоғамдық тамақтану орны

9

Қажымұқан ауыл округі, Қажымұқан елді мекені Ә.Мұстафаұлы көшесінің бойы, Ә.Мұстафаұлы көшесі №79 үйге қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

800

3

"Тоғжан" азық-түлік дүкені

10

Жеңіс ауыл округі, Жеңіс елді мекені, С.Қожанов көшесінің бойы Жеңіс ауыл округі мәдениет үйінің сол жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50

3

"Аида" азық-түлік дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады