Отырар аудан әкімдігінің 16 сәуір 2018 жылғы № 74 "Отырар ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 5431 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Отырар аудан әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 74 "Отырар ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4574 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 мамырда "Отырар алқабы" газетінде және 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан акімі А. Жунисов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түркістан облысының

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы____________Р.Ибрагимов

      2019 жыл "___"__________

  Отырар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 17 ақпандағы
№ 39 қаулысына қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

№ р/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырымы

Жалпы ұзындығы, шақырымы

1

КХОR-1

Шәуілдір ауылының сыртқы айналма жолы

0-2,5

2,5

2

КХОR-2

Аққұм ауылына кіреберіс

0-3

3

3

КХОR-3

Ақкөл елді мекеніне кіреберіс

0-3

3

4

КХОR-4

Балтакөл-Үштам

0-0,65

0,65

5

КХОR-5

Маяқұм-Бестам

0-3

3

6

КХОR-6

Маяқұм ауылының сыртқы айналма жолы

0-3,1

3,1

7

КХОR-7

Маяқұм-Қостерек

0-8

8

8

КХОR-8

Шеңгелді елді мекеніне кіреберіс

0-3,2

3,2

9

КХОR-9

Көксарай-Жанкел

0-12

12

10

КХОR-10

Көксарай-Ызакөл

0-5,5

5,5

11

КХОR-11

Ақтөбе-Шілік

0-9

9

12

КХОR-12

Ш.Қалдаяқов ауылына кіреберіс

0-1,8

1,8

13

КХОR-13

Бестораңғыл елді мекеніне кіреберіс

0-1,3

1,3

14

КХОR-14

Сырдария елді мекеніне кіреберіс

0-0,5

0,5

15

КХОR-15

Арыс елді мекеніне кіреберіс

0-6,2

6,2

16

КХОR-16

станция Қарақоңыр

0-0,7

0,7

17

КХОR-17

Қостүйін теміржол бекеті

0-2

2

18

КХОR-18

Арыс ауылына және М.Шойманов елді мекеніне кіреберіс

0-3

3

19

КХОR-19

Шәуілдір-Көкмардан

0-4,3

4,3

20

КХОR-20

Мыңшұқыр елді мекеніне кіреберіс

0-4

4

21

КХОR-21

Ақшоқат теміржол бекеті

0-6

6

22

КХОR-22

Ұзынқұдық теміржол бекеті

0-8

8

23

КХОR-23

станция Отырабат

0-8

8

24

КХОR-24

37 разъезд

0-3

3

25

КХОR-25

Арыстанбаб кесенесіне кіреберіс

0-4,2

4,2

26

КХОR-26

Қарғалы елді мекеніне кіреберіс

0-2

2

27

КХОR-27

Отырар қалашыққа кіреберіс

0-1,7

1,7

Отырар ауданындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы:

109,65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады