Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамызындағы № 374 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5175 тіркелген, 2019 жылғы 23 қыркуйегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан акімі | А. Жунисов |
Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 119 қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымының атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Отырар аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 741 | 4 | 30 |
2 | Отырар ауданы білім бөлімінің "С.Әшіров атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 130 | 3 | 4 |
3 | Отырар ауданы білім бөлімінің "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
4 | Отырар ауданы білім бөлімінің "Отырар жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 104 | 3 | 3 |