2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 28 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 6054 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Қаулының тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 14.05.2021 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 14.05.2021 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 119 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5566 тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының әкімі А. Жунисов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 28 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Отырар аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

796

4%

32

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Темір" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151

3%

4

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

122

3%

4

4

"Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ө.Жәнібеков атындағы № 4 жалпы орта лицей-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

253

4%

10

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

203

3%

6

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Отырар" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

3%

3

7

"Саутс-ойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

888

4%

35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады