Сайрам ауданының жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 216 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 17 сәуірде № 5568 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 тіркелген) сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайрам ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының тарифі бір шақырымға 5,5 теңге көлемінде белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет Департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Шәріпбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі У. Садибеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сайрам аудандық

      мәслихатының хатшысы

      ____________ Ж.Мұсаханұлы

      "___"__________2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады