Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 02.07.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 02-05/180 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылының Гагарин көшесіндегі № 38 үй ауласына, Төлеметов көшесіндегі № 96 үй ауласына және Сиқым ауылының Абай көшесіндегі № 32 үй ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жібек-жолы ауылдық | |
округінің әкімі | А. Тураров |