Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 50-444-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 маусымда № 5644 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 54-479-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 07.09.2020 № 54-479-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-374-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 тіркелген, 2019 жылы 22 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Умирзаков
      Сарыағаш аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Садыков

  Сарыағаш аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
02 маусымдағы № 50-444-VI
шешіміне қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы (әрi қарай – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Үлгiлiк Қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Әлеуметтiк көмек Сарыағаш ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетiледi.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидада қолданылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сарыағаш ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      12) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.

      4. Осы Қағидалардың мақсаты үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде Сарыағаш ауданы әкiмдiгi мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (әрi қарай – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта 1 рет) көрсетiледi.

      7. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн Түркістан облысы әкiмдiгi бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

      8. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға мереке және атаулы күндерi:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

      Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамында қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақым алған ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен медальдарымен марапатталған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіш;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша бір мезеттік 260 есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 5 көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай қосымша бір реттік 5,8 есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай қосымша бір реттік 16,6 есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 5 көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай қосымша бір мезеттік 5,8 есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, жарты жылдықта бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне тұрғын үйін жөндеуге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      4) 6 шілде – Астана күніне орай:

      Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мен үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға бір мезеттік 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай:

      үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалгызілікті қарттарға, арнаулы әлеуметтік күтімге алынған І-ІІ топтағы мүгедектерге біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 және 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға:

      1) үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға ай сайын оқу жылына әлеуметтік көмек 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын науқастарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге арнаулы жүрiп-тұру құралдарына:

      серуендеуге арналған қоларбаға, біржолғы 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бөлмеге арналған қоларбаға, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немес жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;

      6) Әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын І-ІІ топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу сауықтыру мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Әлеуметтiк көмек өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған аз қамтамасыз етілген, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (адамдарға), ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерінде ұсынылады.

      Бұл ретте әлеуметтік көмек ай сайын немесе үш айға бір рет төленеді.

      Әлеуметтік көмектің бір жолғы төлемі арнайы комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және әлеуметтік келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындауға (жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға) пайдаланылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы қағидаларда белгіленген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде адамдар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.

      11. Азаматтарды өмірлік жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      отбасының (азаматтың) жанбасына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi Түркістан облыс әкiмдiгiнiң келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.

      13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Сарыағаш ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан www. egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында: мемлекеттік қызметті көрсету үшін- осы қағидаларға 2-қосымшаларға сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;

      Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифырлық қолтаңбасымен куәләндырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәләндыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне жібереді.

      Қала, кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 18 және 19 - тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      27. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттiк медициналық – әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      5) әлеуметтiк келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердің бұзылуы және (немесе) орындалмаған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың
Қағидаларына
1-қосымша

      Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      ____________________________________________________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, телефоны)

Р/с №

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Туған жылы










      Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Күнi ______________
Отбасы құрамы туралы мәлiметтердi растауға уәкiлеттi органның лауазымды адамының
Т.А.Ә _______________ ___________________
(қолы)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың
Қағидаларына
2-қосымша

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТIСI

      20__ ж. "___"__________ __________________ (елдiмекен)
1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә._________________________________________
2. Тұратын мекен-жайы_____________________________________________
________________________________________________________________
3.Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай
_____________________________________________________
______________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi)______________

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күнi

Өтiнiш берушiге туыстыққатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай

















      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______ адам,
оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң,
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне
теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы
бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирус) бар адамдардың,
Мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________
5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк
тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету
керек):____________________________________________________________
Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар_______________________________________
__________________________________________________________________________
Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә

Табыс түрi

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

Орта есеппен айына














      6. Мыналардың:
Автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны
пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)__________________________________
__________________________________________________________________________
қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзгеде тұрғын үйдiң болуы (оны
пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)_______________________________________
7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiм мен қамтамасыз етiлуi
____________________________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
_______________________ _______________________
Комиссия мүшелерi:
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актiмен таныстым:
_______________________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын
__________________________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi
__________________________________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың
Қағидаларына
3-қосымша

Учаскелiк комиссияның №_______ қорытындысы 20 _____ ж. _____ _______

      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына сәйкес
өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген
адамның (отбасының)
__________________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты) өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды
қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын
тексеру нәтижелерiнiң
негiзiнде___________________________________________________________________
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну
туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: ___________________ ________________________
Комиссия мүшелерi: ___________________ ________________________
___________________ ________________________
___________________ ________________________
___________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ____ данада 20__ж. "__" _______________
қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған қала, кент, ауылдық округ әкiмi аппаратының немесе уәкiлеттi
орган қызметкерi
________________ __________________________
(қолы) Т.А.Ә. лауазымы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады