Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-374-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 3 шілдеде № 5122 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 50-444-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 02.06.2020 № 50-444-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

      3. "Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Есенқұлов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Садықов

  Сарыағаш аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 39-374-VI шешімімен
бекітілген

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Әлеуметтiк көмек Сарыағаш ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетiледi.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидада қолданылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi-уәкiлеттi ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету, "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Сарыағаш аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      5) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;

      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын аудандағы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

      8) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      4. Осы Қағиданың мақсаты үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы қағидада көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

      7. Әлеуметтiк көмек мынадай мереке күндерiне ұсынылады:

      1) 8 наурыз - "Халықаралық әйелдер мерекесі күніне";

      Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері мен батыр ана және I-II дәрежелі "Ана Даңқы" орденімен марапатталған аналарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;

      2) 7 мамыр - "Отан қорғаушы күніне";

      Жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан, Семей ядролық полигонында сынақтың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіш;

      3) 9 мамыр "Жеңiс күнi" мерекесiне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, соларға теңестірілген адамдарға және тыл еңбеккерлеріне, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш млшерінде;

      4) 6 шілде- "Астана күні";

      үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқан мүгедек балаларға және үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 1 желтоқсан-"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні";

      жалғызілікті қарттар мен жалғызбасты үйде әлеуметтік көмек көрсетілетін I-II- топ мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн Түркістан облысы әкiмдiгi бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелiк комиссиялар туралы үлгiлiк ережелердi орталық атқарушы орган бекiтедi.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

      9. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:

      1) Алтын, Күміс алқа иегерлері мен батыр ана және I-II дәрежелі "Ана Даңқы" орденімен марапатталған аналарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, ең төмен күн көріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен жетпіс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Екінші дүниезжүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының орденімен және медальдарімен марапатталған адамдарға және тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің қайтыс болған жауынгерлердің некеге тұрған және қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жартыжылдықта бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұрғын үйін жөндеуге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      7) Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымдалған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының орденімен және медальдерімен наградталғын азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіш;

      8) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі аппаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциалық аппаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіш;

      9) Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіш;

      10) мамандандырылған туберкулезге карсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсынан болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға, үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;

      13) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш;

      14) зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуге жолдама алу үшін, жылына бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш.

      15) әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын I-II топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жетпіс пайызынан аспайтын табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi Түркістан облыс әкiмдiгiнiң келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.

      11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      12. Атаулы күндермен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша Сарыағаш ауданы әкiмдiгi бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

      13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаты;

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлi қағидаларға (одан әрi-Үлгiлiк қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатын ұсынады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      14. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттiк медициналық – әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда;

      5) әлеуметтiк келiсiмшарттың және отбасының белсендiлiгiн арттырудың келiсiмшартында көрсетiлген мiндеттемелерiн бұзылуы және (немесе) орындалмауы жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерек қорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидаларына
1-қосымша

      Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      ____________________________________________________________________ (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен жайы, телефоны)

Р/с №

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Туған жылы









      Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Күнi ______________

      Отбасы құрамы туралы мәлiметтердi растауға уәкiлеттi органның
лауазымды адамының Т.А.Ә _______________ ___________________
(қолы)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидаларына
2-қосымша

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТIСI

      20__ ж. "___"__________ __________________ (елдiмекен)

      1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә._________________________________________
2. Тұратын мекенжайы______________________________________________
____________________________________________________________________
3.Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк
қиынжағдай ________________________________________________________ ____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi)______________

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күнi

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайтадаярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай


















      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарынд аақылы негiзде оқитындар ______ адам,
оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт
адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез,
адамның иммунитет тапшылығы вирус) бар адамдардың, мүгедектердiң,
мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек)______ __________________________________________
______________________________________________________
________________________________________
5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген
тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе
өзгеше – көрсету керек):___________________________________
Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар_______________________________
____________________________________________________________________
Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә

Табыс түрi

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы жәнеқұсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

орта есеппен айына














      6. Мыналардың:
авто көлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)_________________
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы
(оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)___________________ ___________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен
қамтамасыз етiлуi ____________________________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
_______________________ _______________________
Комиссия мүшелерi:
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актiмен таныстым:
_________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын
___________________________________________________________________ өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң)Т.А.Ә. және қолы, күнi
__________________________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидаларына
3-қосымша

Учаскелiк комиссияның №_______ қорытындысы 20 _____ ж. _____ _______

      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау
қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

      өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң
негiзiнде____________________________________________________________
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеумуттiк
қөмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы:
___________________ ________________________
Комиссия мүшесi:
___________________ ________________________
___________________ ________________________
___________________ ________________________
___________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ____ данада
20__ж. "__" _______________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкiмiнiң немесе уәкiлеттi
орган қызметкерiнiң ________________ __________________________
(қолы) Т.А.Ә. лауазымы.

  Сарыағаш аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 39-374-VI шешіміне
1 қосымша

Сарыағаш аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-61-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3867 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда "Сарыағаш" газетінде және 2016 жылы 28 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған);

      2) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 12-142-VI "Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-61-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 тіркелген, 2017 жылғы 04 тамызда "Сарыағаш" газетінде және 2017 жылы 01 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған);

      3) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 22-239- VІ "Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-61-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 тіркелген, 2018 жылғы 13 шілдеде "Сарыағаш" газетінде және 2018 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады