"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 53-472-VI "Сарыағаш ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 тіркелген, 2020 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы "арнайы орындардың" деген сөздер "арнайы орынның" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы кестеден кейінгі мәтіннің төртінші абзацындағы "Заңда" деген сөз "Осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы кестеден кейінгі мәтіннің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық маңызы бар "Шымкент-Шыназ" жолымен және Сабыр Рахимов көшесімен шектесетін Сарыағаш қаласының Ө.Жамансариев көшесіндегі жүру маршрутымен танысу".
2. "Сарыағаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | К. Пердекулов |
Сарыағаш аудандық | |
мәслихат хатшысы | Б. Садыков |