Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарыағаш ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" Сарыағаш ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 243 бірлескен қаулысына және Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-379-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5143 тіркелген, 2019 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің орыс тіліндегі мәтініндегі 1-тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. "Сарыағаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | К. Пердекулов |
Сарыағаш аудандық | |
мәслихат хатшысы | Б. Садыков |