Сарыағаш ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Бірлескен Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 243 қаулысы және Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-379-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2019 жылғы 16 шілдеде № 5143 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:

      1) 141,75 гектар жер учаскесі Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 493,71 гектар;

      2) 78,96 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Береке елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 138,34 гектар;

      3) 9,54 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Жаңа арық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 115,72 гектар;

      4) 163,56 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Еңкес елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 432,37 гектар;

      5) 170,41 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі Ақ үй елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 318,57 гектар;

      6) 57,9 гектар жер учаскесі Әлімтау ауылдық округі Әлімтау елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 3187,2 гектар.

      Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 14.10.2020 № 56-509-VI бірлескен шешімімен және Түркiстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 20.10.2020 № 256 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Абдуалиев
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Есенкулов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады