Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 12.05.2020 № 78 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 02-05/18 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы, Д.Нұрпейсова көшесі № 38 мекен жайдағы үйде тұратын Б.Сұлтановтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Д.Нұрпейсова көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Сарыағаш ауданы | |
Сарыағаш қаласы әкімі | С. Сулейменова |