Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 41 "Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Д.Нұрпейсова көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 78 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 мамырда № 5612 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 02-05/77 ұсынысы негізінде Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттің құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Д.Нұрпейсова көшесіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 41 "Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Д.Нұрпейсова көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5420 болып тіркелген, 2020 жылы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Персоналды басқару қызметі
      (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы Е. Тастемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады