Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі Дербісек елді мекенінің М.Әуезов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 5393 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 27.03.2020 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 02-05/19 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекені, М.Әуезов көшесі № 68 мекен жайдағы үйде тұратын Б.Алиевтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты М.Әуезов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Сарыағаш ауданы
      Дербісек ауылдық округ әкімі Е. Есенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады