Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 30.12.2020 № 427 қаулысымен ( ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5358 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 292 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары- ның саны |
1 | "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" филиалы | 753 | 0,1 | 1 |
2 | "Казатомпром -SAURAN" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1091 | 0,1 | 1 |
3 | "Оңтүстік тау-химиялық компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 951 | 0,2 | 2 |
4 | "Қазақстандық-француздық "Катко" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1200 | 0,2 | 2 |
5 | "ИНКАЙ бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 737 | 0,3 | 2 |
6 | "ҚАРАТАУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 600 | 0,3 | 2 |
7 | "АППАҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 331 | 0,5 | 2 |
8 | "ОРТАЛЫҚ" Өндіруші кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 532 | 0,2 | 1 |
9 | "Русбурмаш-Казақстан" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 745 | 0,2 | 1 |
10 | "Волковгеология" Акционерлік қоғамының филиалы "№ 5 Геологиялық барлау экспедициясы" | 543 | 0,2 | 1 |
11 | "Волковгеология" акционерлік қоғамы "Оңтүстік ВГ" филиалының № 7 Экспедициясы | 1094 | 0,1 | 1 |
12 | "Уранқуат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Таукент филиалы | 274 | 0,4 | 1 |
Барлығы: | 8851 | 17 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 292 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығы- нан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Оңтүстік тау-химиялық компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 951 | 0,1 | 1 |
2 | "Қазақстандық-француздық "Катко" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1200 | 0,1 | 1 |
3 | "ИНКАЙ" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 737 | 0,1 | 1 |
4 | "Русбурмаш-Казақстан" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 745 | 0,1 | 1 |
5 | "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" филиалы | 753 | 0,1 | 1 |
Барлығы: | 4386 | 5 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 292 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер лердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" филиалы | 753 | 0,1 | 1 |
2 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 981 | 0,1 | 1 |
Барлығы: | 1734 | 2 |