Созақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 339 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 16 шілдеде № 5719 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын Шолаққорған ауылы, "Ақшам" мөлтек ауданында орналасқан "Абай" саябағы алдындағы алаң айқындалсын.

      2. Созақ ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Шолаққорған ауылындағы Теріскей көшесінің бойы (Жібек Жолы көшесі қиылысынан-Жамбыл көшесінің қиылысына дейінгі аралық) айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 02.09.2020 № 352 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Созақ ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      5. Созақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 237 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4995 нөмірімен тіркелген және 2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      6. "Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы І. Омар
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Байғараев

  Созақ аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
22 маусымдағы № 339
шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Созақ аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі


п/п

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

Шекті толу нормалары

1.

Шолаққорған ауылы, "Ақшам" мөлтек ауданындағы "Абай" саябағы алдындағы алаң

- көше жарығы;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары;
- автотұрақ орны (1 кіру, 1 шығу).

100 адам


      Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

      бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;

      периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;

      Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын, пайдалануды;

      БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);

      бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;

      Шолаққорған ауылындағы Теріскей көшесінің бойы (Жібек Жолы көшесі қиылысынан-Жамбыл көшесінің қиылысына дейінгі) шеру бағытымен танысу.

      Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

      өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;

      ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

      бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

  Созақ аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
22 маусымдағы № 339
шешіміне 2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

      1. Жаппай жерлеу орындарында;

      2. Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5. Қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6. Магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады