Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 26.04.2022 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 311 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4289 тіркелген, 2017 жылғы 9 желтоқсанда "Созақ үні" газетінде және 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 291 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Жергілікті бюджет есебінен |
1 | Созақ ауданы | 3906 | 3906 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 291 қаулысына 2-қосымша |
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Барлығы: | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
430,20 | 470,26 |
Ескертпе: Күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.