Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 408 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 5936 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 357 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 27.12.2021 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 13.05.2021 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 543 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Полатов

  Созақ ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "8" желтоқсандағы
№ 408 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 13.05.2021 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2

2

2

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

3

3

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

4

Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

55

2

1

5

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Созақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жургізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

102

3

3


Барлығы:

391


10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады