Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кенті әкімінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 8 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 5425 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Созақ ауданы Таукент кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Таукент кентіндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Таукент кентінің атауы жоқ № 1 көшеге – Келіншектау атауы;

      2) Таукент кентінің атауы жоқ № 2 көшеге - Тұран атауы;

      3) Таукент кентінің атауы жоқ № 3 көшеге – Қаратау атауы;

      4) Таукент кентінің атауы жоқ № 4 көшеге – Болашақ атауы;

      5) Таукент кентінің атауы жоқ № 5 көшеге – Мәңгілік ел атауы;

      6) Таукент кентінің атауы жоқ № 6 көшеге – Бейбітшілік атауы;

      7) Таукент кентінің атауы жоқ № 7 көшеге – Көкбұлақ атауы;

      8) Таукент кентінің атауы жоқ № 8 көшеге – Тәуелсіздік атауы;

      9) Таукент кентінің атауы жоқ № 9 көшеге – Көкжиек атауы;

      10) Таукент кентінің атауы жоқ № 10 көшеге – Бәйтерек атауы;

      11) Таукент кентінің атауы жоқ № 11 көшеге – Астана атауы.

      Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кенті әкімінің 03.12.2020 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Созақ ауданының Таукент кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі М. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады