"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Таукент кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Созақ ауданы Таукент кенті әкімінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 8 "Көшелерге атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5425 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 21 ақпанында электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімінің орыс тіліндегі 1 тармағына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Созақ ауданының Таукент кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | М. Оспанов |