Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 25.09.2020 № 55/310-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" қағидаларының 4-тармағына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген және аудан әкiмiнiң 2020 жылғы 27 ақпандағы № 7-865 мәлімдемесіне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілікті ескере отырып 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 25.09.2020 № 55/310-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Мәслихат сессиясының төрағасы | Ж. Нышанов |
Мәслихат хатшысы | Н. Койбагаров |