Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің 18.11.2020 № 09 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 5 хаттамасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Л.Серикбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төлеби ауданының әкім | Б. Омарбеков |