Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 ақпандағы № 120 "Төлеби ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 4 маусымдағы № 164 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 маусымда № 5643 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 ақпандағы № 120 "Төлеби ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4474 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 2 cәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Мылтықбековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкім Б. Омарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады