Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 04.06.2020 № 164 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген ішкі сауда қағидаларының 50–1-тармағына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Парманов |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "28" ақпандағы № 120 қаулысына қосымша |
Төлеби ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
1. Ленгер қаласы, Төлеби көшесі "КМF" банктің маңы.
2. Ленгер қаласы, Қапал батыр көшесі № 15А үйдің маңы.
3. Ленгер қаласы, Өркен көшесі № 51 үйдің алды.
4. Ленгер қаласы, Байтұрсынов көшесі, № 8 колледждің маңы.
5. Киелітас ауылдық округі, Сұлтан-Рабат ауылы, Қаражол көшесі № 118 үйдің алды.
6. Киелітас ауылдық округі, Достық ауылы, Астана көшесі № 8 үйдің маңы.
7. Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек ауылы, Төле-Би көшесінің бойында, "КМF" банктің маңы.
8. Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бірінші Мамыр ауылы, Д.Қонаев көшесі, пошта ғимаратының алды.
9. Алатау ауылдық округі, Алатау ауылы, Төлеби көшесі № 75 үйдің алды.
10. Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық ауылы, Бейбітшілік көшесі № 1 үйдің алды.
11. Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, М.Әуезов көшесі, № 205 үйдің алды.