Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 14.08.2024 № 15/85-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 26 наурызда № 5519 санымен тіркелген, 2020 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін.
7 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне": Ұлы Отан cоғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде".
9 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 24 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде".
2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Н. Койбагаров |