Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 04.03.2021 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 135 "Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының 1, 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Дүйсебаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төлеби ауданының әкім | Б. Омарбеков |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 421 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жарық жол" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 54 | 1,8 | 1 |
2 | Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Төлеби аудандық "Саябақтары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 63 | 1,6 | 1 |
Төлеби ауданы әкімдігінің "11" желтоқсандағы 2020 жылғы № 421 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Балмуздақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 122 | 0,8 | 1 |
2 | Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 106 | 0,9 | 1 |
3 | Жеке кәсіпкер "Сахова Б.А." | 28 | 3,6 | 1 |
Төлеби ауданы әкімдігінің "11" желтоқсандағы 2020 жылғы № 421 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері(% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны | 303 | 0,3 | 1 |
2 | Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны | 326 | 0,3 | 1 |
3 | "Бірінші Мамыр жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 174 | 0,6 | 1 |
4 | Түркістан облысының білім басқармасының "№ 8 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 122 | 0,8 | 1 |
5 | Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 118 | 0,8 | 1 |