2021 жылға Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 4 наурыздағы № 78 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 5 наурызда № 6084 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2021 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2021 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2021 жылға 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

      5. Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 421 "Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      6. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік органдарының бірыңғай интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Дуйсебаевқа жүктелсiн.

      8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкімі Т. Телгараев

  Төлеби ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы
4 наурыздағы № 78
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Атамекен Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

78

1,3

1

 
  Төлеби ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы
4 наурыздағы № 78
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Аққұм-Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

31

3,2

1

2

Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

106

0,9

1

 
  Төлеби ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы
4 наурыздағы № 78
қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота

р/с

Ұйым атауы

Жұмыс керлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскер лердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

107

0,9

1

2

Төлеби аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жарық жол" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

1,8

1

3

"Бірлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

2,5

1

4

Түркістан облысының білім басқармасының "№ 8 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

122

1,6

2

5

Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

118

1,7

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады