Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалына Батыс су жинаушы коллекторы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 08.07.2022 № 187 қаулысымен (алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |
Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "5" ақпандағы № 28 қаулысына қосымша |
Батыс су жинаушы коллекторы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде | ||||||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | оның ішінде | ||||||||||
егістік | оның ішінде | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | Өзге жерлер | Орман қоры жері | |||||
суармалы егістік | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||
1 | Сүткент ауылдық округі | 38, 2345 | 29,1712 | - | - | - | - | 28,9112 | 0,26 | 9,0633 | |
2 | Достық ауылдық округі | 7, 54 | - | - | - | - | - | 7,54 | - | - | |
Барлығы | 45, 7745 | 29,1712 | 36,45 | 0,26 | 9,0633 |