2021 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 19 қазандағы № 244 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 21 қазанда № 5848 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімінің орынбасары А.Таженовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Шардара ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Т.Сарманов

      "____" ________ 2020 жыл

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Шомпиев

  Шардара ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
"19" қазандағы № 244
қаулысына қосымша

2021 жылға Шардара ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

Кент, ауылдық округінің атауы

Елді мекеннің атауы

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Қ.Тұрысбеков

Шардара

1,65

2

Қоссейіт

Қоссейіт

1,75

3

Көксу

Көксу

1,75

4

Сырдария

1,65

5

Ұзын ата

Ұзын ата

1,75

6

Алатау батыр

Қазақстан

1,75

7

Қызылқұм

Қызылқұм

1,65

8

Сүткент

Сүткент

1,65

9

Ақшеңгелді

Ақалтын

1,65

10

Егізқұм

1,65

11

Достық

Достық

1,65

12

Жаушықұм

Жаушықұм

1,65

13

Шардара қаласы

Шардара қаласы

1,9

14

1-Мөлтек ауданы

1,9

15

2-Мөлтек ауданы

1,9

16

Төменгі тоғай

1,9

17

Сол жағалау

1,85


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады