Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 13 мамырдағы № 05 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 13 мамырда № 5614 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмiнiң 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмiнiң 20.12.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 2 хаттамасына сәйкес, Жетісай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округі, Қоғалы елді мекеніне, Жылы су ауылдық округі Мырзашоқы, Сейфуллин елді мекендерінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Маханбетов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады