Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі Қараөзек елді мекеніндегі Жаңа құрылыс көшесінен Тың көшесіне дейінгі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 3 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 5378 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 15 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі әкімінің 26.03.2020 № 15 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 02-03/9 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарақай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас иттің бас миының сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарақай ауылдық округі, Қараөзек елді мекені Жаңа құрылыс көшесінен шығысқа қарай Тың көшесінен үлкен орталық тас жолына дейін аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қарақай ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарақай ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушысы Б. Иманбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады