Шектеу іс-шараларын алып тастау және Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 3 "Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі Қараөзек елді мекеніндегі Жаңа құрылыс көшесінен Тың көшесіне дейінгі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 15 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 26 наурызда № 5521 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республиккасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 02-03/112 ұсынысы негізінде, Қарақай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар егу жұсытары, залалсыздандыру кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі, Қараөзек елді мекені Жаңа құрылыс көшесінен Тың көшесіне дейінгі аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 3 "Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округі Қараөзек елді мекеніндегі Жаңа құрылыс көшесінен Тың көшесіне дейінгі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5378 болып тіркелген, және 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жетісай ауданының "Қарақай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданының Қарақай
      ауылдық округі әкімі Б. Иманбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады