Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Асықата кенті әкімінің 27.03.2020 № 22 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 02-03/7 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Асықата кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданы, Асықата кенті, М.Габдуллин көшесінің тұрғыны Ж.Тилемесовтың ауласында құтыру ауруымен ауыратыны анықталған ит өлексесінің табылуына байланысты М.Габдуллин көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Жетісай ауданының "Асықата кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Асықата кенті әкімінің орынбасары М.Байтемировке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Асықата кенті әкімі | Б. Сериков |