Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 06 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 6 ақпанда № 5404 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақталы ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Чехов елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ырысты атауы;

      2) Алтынсарин елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жемісті атауы;

      3) Дархан елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Алатау атауы;

      4) Дархан елді мекені атауы жоқ көшеге - Отан атауы;

      5) Дархан елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Наурыз атауы;

      6) Сарқырама елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Егемен атауы;

      7) Жібек жолы елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Нұрлы жол атауы;

      8) Жайлаукөл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Еңбекші атауы;

      9) Шолпанқұдық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Тәуелсіздік атауы;

      10) Алмалы елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жетіқазына атауы;

      2. "Мақталы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақталы ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушысы М. Абдумажитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады