Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 15-111-VI "Келес ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22-165-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 5396 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымындағы № 15-111-VI "Келес ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық акілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5140 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын:

      2. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жариланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессия төрағасы Н. Мережепов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады