Келес ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 15-111-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 5140 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22-165-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 31.01.2020 № 22-165-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Келес ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Келес ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы А. Жүзенов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков

  Келес аудандық мәслихатының
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 15-111-VI шешіміне
1-қосымша

Келес ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер

Есептiк бiрлiк

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,95
1,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар

1 орын

1

3

Қонақүйлер, санаторийлер, демалысүйлерi

1 орын

1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3992

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақбанктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

0,275

6

Емханалар

1 келіп кету

0,275

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,0001

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгіклубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойынзалдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

1,23

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,974

17

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

18

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

22

Дәрiханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,91

23

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,107

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,2

25

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,2

27

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

28

Зергерлiк, аяқкиiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,06

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

31

Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

32

Бау-бақшакооперативтерi

1 учаске

0,0019

 
  Келес аудандық мәслихатының
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 15-111-VI шешіміне
2-қосымша

Келес ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi

р/с №

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, алып кету тарифтері

1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

90

1.2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

101

Жайлы, жайлы емес үйлер

2 тұрғын

200

3 тұрғын

300

4 және одан көп тұрғын

366

1.3

Заңды тұлғалар

1 текше метр

690

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері

2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

201

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1005

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, кайта өңдеуге арналған тарифтер


260


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады