Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 6855 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 31-тармағы 16) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылатын қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі №242 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4193 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы №277 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4233 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №318 "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4314 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 10 ақпандағы "Дидар", 2016 жылғы 9 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №337 "Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4350 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 18 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 18 ақпандағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №149 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі №242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4576 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 шілдедегі электрондық түрде, 2016 жылғы 12 шілдедегі "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі №245 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы №277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5229 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 қазандағы электрондық түрде, 2017 жылғы 17 қазандағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы №31 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі №242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5510 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурыздағы электрондық түрде, 2018 жылғы 5 сәуірдегі "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №34 "Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №337 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5507 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурыздағы электрондық түрде, 2018 жылғы 5 сәуірдегі "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      9. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №284 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы №277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5680 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 қазандағы электрондық түрде, 2018 жылғы 3 қарашадағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      10. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №167 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі №242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5954 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 29 мамырдағы электрондық түрде, 2019 жылғы 8 маусымдағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      11. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы №338 "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6194 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 қазандағы электрондық түрде, 2019 жылғы 17 қазандағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады