Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 7022 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 24 сәуірі № 136
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 314 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4294 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда, 2016 жылғы 1 ақпандағы "Дидар", 2016 жылғы 30 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 47 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 314 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4925 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 сәуірде электрондық түрде, 2017 жылғы 13 сәуірдегі "Дидар", 2017 жылғы 13 сәуірдегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 339 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 314 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5354 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қаңтарда электрондық түрде, 2018 жылғы 11 қаңтардағы "Дидар", 2018 жылғы 11 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 229 "Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4172 болып тіркелген, "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада, 2015 жылғы 8 желтоқсандағы "Дидар", 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 251 "Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4672 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте, 2016 жылғы 13 қазандағы "Дидар", 2016 жылғы 13 қазандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 182 "Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5655 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 шілдеде электрондық түрде, 2018 жылғы 7 тамыздағы "Дидар", 2018 жылғы 7 тамыздағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 2 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4400 болып тіркелген, "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда, 2016 жылғы 2 наурыздағы "Дидар", 2016 жылғы 1 наурыздағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 308 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 21 қарашада электрондық түрде, "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде 2016 жылғы 22 қарашада, 2016 жылғы 17 қарашадағы "Дидар", 2016 жылғы 17 қарашадағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      9. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 309 "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4728 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 18 қарашада электрондық түрде, "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде 2016 жылғы 22 қарашада, 2016 жылғы 17 қарашадағы "Дидар", 2016 жылғы 17 қарашадағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      10. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 338 "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 309 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5359 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 қаңтарда электрондық түрде, 2018 жылғы 11 қаңтардағы "Дидар", 2018 жылғы 11 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      11. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 3 "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5472 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 ақпанда электрондық түрде, 2018 жылғы 22 ақпандағы "Дидар", 2018 жылғы 22 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады