Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының 05-079-009, 05-079-013, 05-079-014, 05-079-015, 05-079-016, 05-079-017, 05-079-022 есеп кварталдары шекараларындағы жер учаскелері тұстамасындағы Ұлан өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 178 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 маусымда № 7187 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының 05-079-009, 05-079-013, 05-079-014, 05-079-015, 05-079-016, 05-079-017, 05-079-022 есеп кварталдары шекараларындағы жер учаскелері тұстамасындағы Ұлан өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының 05-079-009, 05-079-013, 05-079-014, 05-079-015, 05-079-016, 05-079-017, 05-079-022 есеп кварталдары шекараларындағы жер учаскелері тұстамасындағы Ұлан өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және табиғи ресурстар
      министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Е. Камбаров

      2020 жылғы "___"_______________

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 маусымы
№ 178 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының 05-079-009, 05-079-013, 05-079-014, 05-079-015, 05-079-016, 05-079-017, 05-079-022 есеп кварталдары шекараларындағы жер учаскелері тұстамасындағы Ұлан өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Ұлан өзені
сол жақ жағалау
оң жақ жағалау

 
52,2674
51,2031

 
1957,691
1617,821

 
75-500
75-554

 
53,994
61,442

 
216,254
201,429

 
35
35

Жанұзақ су қоймасы
сол жақ жағалау
оң жақ жағалау

 
2,077
4,4557

 
116,72
215,173

 
500
500

 
4,599
2,3449

 
15,56
8,47

 
35
35

"Айыртау" су қоймасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су қоймасы
сол жақ жағалау
оң жақ жағалау

 
0,88
1,319

 
42,331
66,24

 
500
500

 
1,1433
1,0783

 
3,3
3,6

 
35
35

Алебастр учаскесінде Ұлан өзеніндегі су қоймасы
сол жақ жағалау

 
3,0446

 
130,003

 
300-500

 
3,1811

 
11,7

 
35

оң жақ жағалау

1,1035

80,472

500

1,8698

7,4

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады